«Астана» велоклубы Нидерландыдағы «Amstel Gold Race» жарысына қатысады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» клубының велошабандоздары сәуірдің 19-ы күні Нидерландыда болатын «Amstel Gold Race» жарысына қатысады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл «астаналық» спортшылардың осы маусымдағы Нидерландыдағы алғашқы сайысы болмақ. Онда қазақстандық кәсіпқой велоклубтың намысын Асан Базаев, Александр Дьяченко, Бенжамин Новаль, Берік Көпешов, Дмитрий Муравьев, Максим Иглинский, Стив Морабито мен Хесус Эрнандес қорғамақ. Оларға спорт директорларынан Дирк Демоль жетекшілік жасағалы отыр.