«Астана» велоклубы Швейцариядағы «Tour de Suisse» көпкүндігіне қатысады

АЛМАТЫ. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» велоклубының шабандоздары маусымның 13-і мен 21-і аралығында болатын Швейцариядағы «Tour de Suisse» жарысына қатысады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Биыл 73-ші рет өткелі отырған Про-Тур көпкүндігінде қазақстандық кәсіпқой велоклубтың намысын 8 спортшы қорғамақ. Оларға «Астананың» спорт директорларынан Александр Шефер мен Шон Ятес жетекшілік жасайды. Тоғыз күндік бұл сайыста клуб намысын қорғау Асан Базаев, Андреас Клоден, Дмитрий Муравьев, Грегори Раст, Максим Иглинский, Михаэль Шор, Роман Киреев пен Стив Морабитоға тапсырылып отыр. Бұған дейін өз командасының қоржынына олардың арасынан бұл маусымда Андрес Клоден 2 рет, Грегори Раст 1 рет олжа салған болатын.