«Егер Шлек біздің команданың қатарына өтсе, «Астана» бұрыңғыдай Тур де Франс велокөпкүндігінде ірі жеңіске үміт арта алады. Еске сала кетейін, 2008-2010 жылдары еуропалық команда болып табылмайтын «Астана» 4 гранд-турды жеңіп алды. Екі мәрте Тур де Франс, Вуэльта және Джиро д'Италия бәсекелерін жеңіп алды», дейді Қ. Келімбетов.
Келесі жылы Астана сапында Альберто Контадор болмаса да, қазақстандық команда өздеріне үлкен, амбициозды міндеттер қойып отыр. Қазіргі уақытта команданың сапын күшейту шаралары аяқталып қалды. Liquigas командасының бұрыңғы спортшысы Роман Кройцигер «Астана» командасына ауысты. Ол «Астананы» ірі турнирлерде жеңіске жетелейді деген үміт басым.
«Біз болашақта жекелей есепте Джиро д'Италия жарысын, ал топтық есеп бойынша Тур де Франсты жеңіп аламыз деген мақсат бар. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер жеткілікті», дейді ол.
Бүгіндері Вуэльта көпкүндігіне қатысып отырған астана командасы кешегі кезеңнің қорытындылары бойынша топтық есепте бірінші орында тұр.