Биыл 82-ші рет өтетін Бельгиядағы атақты классикалық «Гент-Вевельгем» велододасына әлемнің үздік велошабандоздары қатысады. Спортшылар 11 қазанда жарыс жолына шығады. Додаға қатысатын «Астана» велокомандасының құрамы:
Лауренс Де Вриз, Даниил Фоминых, Дмитрий Груздев, Евгений Гидич, Уго Уль, Давиде Мартинелли, Никита Стальнов.
«Астананы» спорттық директор Стефано Занини бастап барады.
Былтырғы «Гент-Вевельгем» жарысына «Астана» сапында ең үздік нәтижені Давиде Баллерини көрсетті. Ол үздіктер қатарында мәреге келді. Ал команда үздігі Лауренс Де Вриз велоспиеді сынып, жолдан шығып қалған болатын.