10:34, 30 Наурыз 2009
«Астана» велоклубының шабандозы Испаниядағы «Castilla y Leуn» жарысының негізгі жіктелімінде топ жарды
АЛМАТЫ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» велоклубының шабандозы Леви Лейфамер Испанияда өткен «Castilla y Leуn» жарысының негізгі жіктелімінде үздік шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Наурыздың 23-і күні биыл 24-ші рет жалауын көтерген бұл байрақты бәсекеде астаналық шабандоздар наурыздың 24-і күні 2-ші кезеңде топ жарған болатын. Онда мәре сызығын бірінші Леви Лейфамер, екінші Альберто Контадор кесіп өткен еді. Енді олар жарыстың жалпы қорытындысы бойынша көпкүндіктің негізгі жіктелімінде осы жетістіктерін қайталап үздік шығып отыр. Онда «Астана» клубының намысын Леви Лейфамер мен Альберто Контадордан басқа Лэнс Армстронг, Хосе Луис Рубьера, Хесус Эрнандес, Томас Вайткус, Аймар Субельдиа мен Бенджамин Новаль сияқты спортшылар қорғаған болатын.