11:34, 27 Наурыз 2009
«Астана» велоклубының спортшылары Франциядағы «Critérium International» жарысына қатысады
АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Францияда наурыздың 28-29 күндері велоспорттан «Critérium International» жарысы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» велоклубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Франциядағы бұл байрақты бәсекеге «астаналықтардан» Александр Дьяченко, Даниэль Наварро, Сергей Ренев, Роман Киреев, Андрей Зейц, Стив Морабито, Яни Брайкович пен Андреас Клёден қатыспақ. Оларға клубтың спорт директорларынан Алэн Галлопин жетекшілік жасамақ. А.Галлопиннің басшылығымен «Астана» клубының шабандоздары бұған дейін наурыздың 8-15-і күндері «Paris-Nice» жарысына қатысқан болатын. Онда наурыздың 8-інде Альберто Контадор бірінші кезеңде, ал Андреас Клёден наурыздың 13-і күні алтыншы кезеңде үздік шықты.