10:18, 22 Наурыз 2009
«Астана» велоклубының спортшылары Испаниядағы «Castilla y Leуn» жарысына қатысады
АЛМАТЫ. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Наурыздың 23-27-сі күндері Испанияда велоспорттан «Castilla y Leуn» жарысы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Испаниядағы бұл көпкүндік сайыста «астаналық» шабандоздарға қазақстандық кәсіпқой велоклубтың спорт директорларынан Вячеслав Екимов пен Шон Ятес жетекшілік жасайды. Онда «Астана» намысын Лэнс Армстронг, Альберто Контадор, Хосе Луис Рубьера, Леви Лейфаймер, Хесус Эрнандес, Томас Вайткус, Аймар Субельдиа мен Бенджамин Новаль қорғамақ. Ал кеше Лэнс Армстронг пен Томас Вайткус өзге командалас серіктерімен бірге Италияда өткен «Milano-Sanremo» жарысына қатысты.