Бұл жаңа маусымдағы World Tour жоғары дәрежесіндегі алғашқы жарыс.
«Астана» құрамы төмендегідей болады: Луис Леон Санчес, Ларс Боом, Дмитрий Груздев, Лоуренс де Врезе, Арман Қамышев, Давид Малакарне және Льюве Вестра.
Қазақстандық команданы 2015 жылғы Еуропа ойындарының чемпионы испаниялық Луис Леон Санчес басқарады. Ол 2005 жылы бұл жарыста жалпы есепте жеңіске жеткен болатын.