Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы белгілі велоэкстремалшы Витторио Брумотти «Pro Team Astana» велокомандасының мүшесі атанған болатын.
36 жастағы итальяндық Брумотти Гиннесс кітабында бірнеше мәрте рекорд орнатқан болатын. Осы орайда ол биік көпірлерде, баспалдақтарда өмірге қауіпті трюктер жасаған еді.
Витторио Брумотти Италияның атынан ЭКСПО-2015 кезінде өнер көрсеткен еді. Енді ол Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатыспақ, сондай-ақ велоэкстремалшы Дубайдағы ЭКСПО-2020 шарасына шақырту алған екен.
Оның сөзіне қарағанда, осы арқылы ол Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін насихаттауға ықпал етуде. «Мен үш ЭКСПО мен үш елді байланыстырып тұрмын, яғни Италия, Қазақстан және Дубай»,-деді ол шетелдік БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Брумотти жариялаған роликтер бірден кеңінен таралады. Өткен жылы оның видеосының бірін 35 млн. адам тамашалаған болатын.
Былтыр Астанада велошабандоз Витторио Брумотти қар үстінде трюк көрсеткен еді .