Astana велокомандасы Италия көпкүндігіне қатысатын құрамын жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Astana Qazaqstan Team командасы италиялық «Халықаралық Коппи-Бартали апталығында» өтетін жарысқа қатысатан құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana Qazaqstan Team командасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Команданың құрамы: Антони Нибали (Италия), Винченцо Нибали (Италия), Нұрберген Нұрлыхасым (Қазақстан), Джанмарко Гарофоли (Италия, құрлықтық команда), Хуан Карлос Лопес (Колумбия, құрлықтық команда), Харольд Мартин Лопес (Эквадор, құрлықтық команда).

Жарыстың спорт директоры: Джузеппе Мартинелли (Италия).