Қазақстан командасының құрамында 8 спортшы бар, олардың арасынан итальяндықтар Джакопо Гуарниери, Андреа Гуардини және Валерио Агноли, қазақстандықтар Валентин Иглинский және Дмитрий Муравьев, американдық Эван Хаффман, словениялық Борут Бозич және голландиялық Льюве Вестра сынды саңлақтарды атап өтуге болады.
Турнир 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жылы 19 команда жарысқа түседі, олар жалпы ұзақтығы 700 шақырымнан асатын алты кезеңді еңсеруі тиіс.
«Катар-2013 турында» «Астана» құрамында өнер көрсететін украиндық Андрей Гривко 18-орынды еншілеп, үздік деп танылған. Ол жолы британдық Марк Кэвендиш жеңімпаз атанған еді.