Велокоманданың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, биыл велокөпкүндік Францияда 10-17 наурыз аралығында өтеді. Оған Лауренс Де Вриз, Магнус Корт, Уго Уль, Йон Исагирре, Горка Исагирре, Мигель Анхель Лопес және Луис Леон Санчес қатысатын болады.
Жарыстағы спорттық директорлар: Дмитрий Фофонов және Стефано Занини.
Еске салайық, «Астана» командасы, сондай-ақ 9 наурызда Италияның Сиена қаласында өтетін «Страде Бьянке» біркүндік жарысына қатысатын құрамды бекітті.