ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы Қазақстанның велосипед спорты федерациясының бас хатшысы Александр Антышев хабарлады.
«А.Контадордың веложарыстың 15-інші кезеңіндегі жеңісі оған жалпы есеп бойынша көш басына шығуға мүмкіндік берді. Оның жалпы нәтижесі- 85 сағат 48 минут 35 секунд. Оған 4 минут 11 секунд есе жіберген люксембургтық Энди Шлек (Team Saxo Bank) екінші орынға табан тіреді. Ал үшінші орынға 5 минут 24 секунд кейін келген «астаналық» Лэнс Армстронг шықты», деді А.Антышев.
Командалық есеп бойынша «Астана» командасы бірінші орынды иеленді.