«Astana» велокомандасы жаңа ойыншылары мен спорттық киім үлгісін таныстырды

None
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Astana командасы өзінің алғашқы жаттығу лагеріндегі соңғы уақытын жаңа велошабандоздардың фотосессиясына, спорт киімі мен велосипедтердің таныстырылымына жұмсады,

 деп хабарлайды команданың фансайты cyclingnews.com сайтына сілтеме жасап.

 Клубтың жарысқа арналған спорт формасының жиынтығы былтырғы үлгіден қатты өзгешеленбейді. Команда велосипед жеткізушіні де ауыстырған жоқ. Биыл велошабандоздар Specialized маркалы өнімді бұрынғысынша қолдана беретін болады.

 Дегенмен команданың құрамы жаңа ойыншылармен толығып, айтарлықтай өзегрістерге ұшырады. Андрей Кашечкин команда сапында калатын болды және өзінің жанына Lampre командасынан Франческо Гавацциді әріптес етіп алды. Сонымен қатар Астана клубы Quick Step командасынан Кевин Силдрайерсті сатып алған.

 Янец Брайкович - 2012 жалғы маусымда Astana құрамына ауысқан ең жарық жұлдыздардың бірі. Словениялық RadioShack командасында өнер көрсетіп жүріп, Dauphine жарысын жеңіп алған болатын және ол алдағы Tour de France супер көпкүндіктегі команда капитандарының бірі болуы мүмкін.