Велошабандоздар командасы өзінің 15-ші мерейтойлық маусымын 21-26 қаңтар аралығында Аустралияда өтетін «Tour Down Under» дәстүрлі көпкүндігіне қатысудан бастайды.
Сондай-ақ, «астаналықтар» «Швальбе Классик: Аделаида» жарыс-критериумында бақ сынайды. Ол дәстүр бойынша көпкүндіктің негізгі стартының алдында өткізіледі. Критериум 19 қаңтарда басталады деп жоспарланып отыр.
Команда құрамы: Мануэле Боаро, Лауренс Де Вриз, Даниил Фоминых, Дмитрий Груздев, Фабио Феллине, Омар Фраиле және Луис Леон Санчес.
Жарыс кезіндегі спорт директоры - Стефано Занини.