Скарпони 17-кезең жарысына қатысудан бас тартуды шешiптi. Итальяндық спортшы жарыс барысында бiрқатар жарақаттар алған болатын. Капитандық 15-кезеңде жеңiске жеткен Фабио Аруға бұйырды.
"Бұның алдындағы кезеңдерде құлап қалып, бiрнеше жарақаттар алдым. Арқамдағы және мойын тұстағы жарақат уақыт өткен сайын тiптi шыдатар емес. Бұл тiптi мүмкiн емес кезеңдер болды - жолдағы қар мен судың көлемi тым көп", - дейдi Скарпони "Астана" сайтында жариялаған сөзiнде.
Сонымен бiрге бұл кезеңге Алессандро Петакки (mega Pharma - Quick Step), голландиялық Томас Деккер (Garmin) шықпай қалды.
Өз кезегiнде Фабио Ару жалпы есепте 6-орында келедi.