Давиде Виллела мәреге 4 сағат 9 минут және 35 секундта жетті. 35 секундтан соң екінші болып америкалық спортшы Симон Пеллауд (Team Illuminate) келсе, Албания өкілі Пиерпало Фикара (Amore&Vita - Prodir) үшінші орынға ие болды. Тағы бір астаналық Луис Санчес төртінші келді.
Бүгін Алматыда «Алматы Туры - 2018» халықаралық шоссе веложарысы басталғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгін сайыстың бірінші кезеңі өтті. Оған әр елден келген 19 команда қатысты. Веложарыс «Астана» алаңынан бастау алып, сол жерде аяқталды. Қатысушылар 182 шақырымды бағындырды. Қазақстан атынан 4 команда қатысып, олардың арасында алғашқы рет алматылық Apple Team өнер көрсетті. Олар қазақстандықтардың арасында үшінші орынды иеленді.
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов Давиде Виллеланы құттықтап, оған көшбасшы жейдесін табыстады. Ал қазақстандық үздік велошабандоз болып Матвей Никитин (Ұлттық құрама) атанды.
Ертең, 30 қыркүйек күні веложарыстын екінші кезеңі өтеді. Командалар Halyk Arena көпфункционалды кешенінде сағат 11:00-де жарысты бастап, Медеуде аяқтайды. Бағыт қашықтығы 160 шақырымды құрайды.
Еске салайық, қала билігі жарыс кезінде автожолдар ішінара жабылып отыратынын алдын ала ескерткен болатын.