«Астана» велошабандозы Андреа Гуардини «Түркия турының» қорытынды кезеңінде үшінші болып келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велошабандозы итальяндық Андреа Гуардини 'Түркия турының' қорытынды сегізінші кезең нәтижесі бойынша үшінші орынды иеленді, деп хабарлады Sports.kz.

121 шақырым аралық кезеңінде Гуардини Ұлыбританиядан («Omega Pharma») келген Марк Кэвендиш пен «Cannondale» командасынан өз жерлесі Элиа Вивианиді ғана алға оздырды.

Жалпы есепте Адам Йейтс (Ұлыбритания, «Orica») жеңіске жетсе, Рейн Таарамае (Эстония, «Cofidis») екінші орынды еншіледі, ал Ромэн Арди (Франция, «Cofidis») үшінші орын алды.