«Астана» велошабандозы «Джиро д'Италия» кезеңі жеңімпаздарының қатарында

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Джиро д'Италия» велокөпкүндігінің сегізінші кезеңі аяқталды, пелотон 189 шақырымды еңсерді.

Sports.kz сайтының жазуынша, испаниялық «Movistar» командасының велошабандозы Горка Исагирре жеңімпаз атанды, екінші болып «Bahrain-Merida» командасының мүшесі Джованни Висконти келсе, «Астананың» испаниялық легионері Луис Леон Санчес үздік үштікті түйіндеді.

«Джиро д'Италия». Сегізінші кезең

Мольфетта - Пескичи. 189 шақырым.

1. Горка Исагирре (Испания, «Movistar») - 4:24:59
2. Джованни Висконти (Италия, «Bahrain-Merida») - 0:05
3. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») - 0:10. 

 Авторы: Алпамыс Исраил. Есік білім-инновация лицейі