«Астананың» итальяндық велошабандозы Фабио Ару алғашқы болып мәреге жетті, екінші болып «Cannondale-Garmin» клубынан канадалық Райдер Хешедаль мәре сызығын кесті, «Etixx - Quick-Step» командасынан колумбиялық Ригоберто Уран көшбасшылар үштігін тұйықтады, деп хабарлады Sports.kz .
«Астананың» қалған шабандоздары мына тәртіппен мәреге жетті: Танел Кангерт - төртінші, Микель Ланда - жетінші, Паоло Тиралонго - 26-шы, Луис Леон Санчес - 31-ші, Диего Роса - 35-ші, Дарио Катальдо - 54-ші, Андрей Зейц - 84-ші, Давид Малакарне - 104-ші.