Бұл туралы Astana Pro Team-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Ф.Ару Сорренто мен Ашеаға дейінгі 222 шақырымдық кезеңнің тауға финалдық көтерілісінде жарыс көшбасшыларының қатарында болды. Ол соңғы 40 шақырымда командалас достарымен бірге жұмыс істеді, нәтижесінде капитан үшін топ алдында аздаған басымдыққа және өзі үшін ақ майкаға қол жеткізді.
Astana Pro Team-нің спорт директоры Александр Шефердің айтуынша, Ару - әлемдегі ең үздік жас велошабандоздардың бірі.