Жарыстың финалдық кезеңінде «Dimension Data» командасындағы британдық Марк Кэвендиш озып шықты, екінші болып «Trek-Segafredo» спортшысы итальяндық Джакомо Ниццоло келді, ал Италияның тағы бір өкілі - «Sky» велошабандозы Элия Вивьяни үшінші орынды місе тұтты.
«Астананың» үздік спортшысы мәреге 11-ші болып жеткен Андреа Гуардини болды. «Астананың» өзге де шабандоздары мынадай нәтиже көрсетті: Винченцо Нибали - 20-шы, Танел Кангерт - 23-ші, Гатис Смукулис - 56-шы, Валерио Аньоли - 92-ші, Алессандро Ванотти - 97-ші.
Жалпы есеп:
1. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») - 12:27:24
2. Николас Роч (Ирландия, «Sky») - 0:21
3. Диего Улисси (Италия, «Lampre-Merida») - 0:43
4. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 1:00
56. Андреа Гуардини (Италия, «Астана») - 18:44
68. Гатис Смукулис (Латвия, «Астана») - 20:06
96. Валерио Аньоли (Италия, «Астана») - 25:19
98. Алессандро Ванотти (Италия, «Астана») - 26:53.