«Астана» велошабандозы Катальдо «Джиро д'Италия» кезеңінің жеңімпазы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» велошабандозы Катальдо «Джиро д'Италияның» 15-кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Италия көпкүндігінің 15-кезеңінде «Астананың» италиялық велошабандозы Дарио Катальдо мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Оның ізін ала тағы бір итальян спортшысы, «Androni Giocattoli-Sidermec» командасының өкілі Маттиа Каттанео келді. Ал үздіктер үштігін «Mitchelton-Scott» командасының британиялық өкілі Саймон Йейтс түгендеді.

«Астананың» қалған мүшелерінен: Мигель Анхель Лопес - 7, Йон Исагирре - 14, Ян Хирт - 18, Пельо Бильбао - 30, Андрей Зейц - 34, Давиде Виллелья - 44, Мануэле Боаро - 102 орындарға тұрақтады.

«Джиро д'Италия». 15-кезең.

Ивреа - Комо. 232 шақырым.

1. Дарио Катальдо (Италия, «Астана») - 5:48:15

2. Маттиа Каттанео (Италия, «Androni Giocattoli-Sidermec»)

3. Саймон Йейтс (Ұлыбритания, «Mitchelton-Scott») - 0:15

7. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») - 0:36
14. Йон Исагирре (Испания, «Астана») - 0:51
18. Ян Хирт (Чехия, «Астана») - 1:04
30. Пельо Бильбао (Испания, «Астана») - 4:14
34. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») - 5:08
44. Давиде Виллелья (Италия, «Астана») - 13:19
102. Мануэле Боаро (Италия, «Астана») - 33:02

Жалпы есеп:

1. Ричард Карапас (Эквадор, «Movistar») - 64:24:00

2. Примож Роглич (Словения, «Jumbo-Visma») - 0:07

3. Винченцо Нибали (Италия, «Bahrain Merida») - 1:47

10. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») - 5:55
27. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») - 39:43
31. Ян Хирт (Чехия, «Астана») - 47:30
33. Йон Исагирре (Испания, «Астана») - 50:00
36. Пельо Бильбао (Испания, «Астана») - 51:47
46. Дарио Катальдо (Италия, «Астана») - 1:07:05
57. Давиде Виллелья (Италия, «Астана») - 1:21:01
97. Мануэле Боаро (Италия, «Астана») - 2:12:03.