«Астана» велошабандозы Луценко «Хайнань туры» кезеңінде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасының велошабандозы Алексей Луценко «Хайнань туры» көпкүндігінің сегізінші кезеңінде жеңімпаз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-қа сілтеме жасап.

Луценко белгіленген межені 4:13:50 уақытта жүріп өтіп, өзге бірнеше райдермен тең уақыт көрсетті. Бас классификацияда Алексей көшбасшының сары жейдесін өзінде сақтап қалуда.