«Астана» велошабандозы М.Ланда «Джиро д'Италия» көпкүндігінің 15-ші кезеңінің жеңімпазы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасының велошабандозы испандық Микель Ланда Гранд-турдың 15-ші кезеңінің - «Джиро д'Италия» суперкөпкүндігінің жеңімпазы атанды.

Ланда 165 шақырымдық қашықтықты бірінші болып бағындырды. Екінші болып мәреге «Катюша» шабандозы Юрий Трофимов, ал үшінші болып Tinkoff-Saxo капитаны испандық Альберто Контадор жетті. Төртінші орыннан «Астана» капитаны итальяндық Фабио Ару көрінді.

Енді «Джиро д'Италия» көпкүндігінің 174 шақырымға созылатын 16-шы кезеңі 26 мамырда өтеді.