Ланда 165 шақырымдық қашықтықты бірінші болып бағындырды. Екінші болып мәреге «Катюша» шабандозы Юрий Трофимов, ал үшінші болып Tinkoff-Saxo капитаны испандық Альберто Контадор жетті. Төртінші орыннан «Астана» капитаны итальяндық Фабио Ару көрінді.
Енді «Джиро д'Италия» көпкүндігінің 174 шақырымға созылатын 16-шы кезеңі 26 мамырда өтеді.