«Астана» велошабандозы «Оман Туры» екінші кезеңінде алтыншы болып келді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Оман Туры» шоссидегі велокөпкүндіктің екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның жеңімпазы Cofidis командасының өкілі испандық шабандоз Хесус Эррада атанды. Екінші орынды бельгиялық Максим ван Гилс (Lotto Dstny). Үшінші болып итальялық Диего Улисси (UAE Team Emirates) келді. «Астанадан» қазақстандық Алексей Луценко алтыншы орын алып, үздік деп танылды.

«Оман Туры». Екінші кезең. 174 шақырым.

1. Хесус Эррада (Испания, Cofidis) — 04:21:07

2. Максим ван Гилс (Бельгия, Lotto Dstny)

3. Диего Улисси (Италия, UAE Team Emirates)

6. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») — +0:03

25. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») — +0:05

62. Мануэле Боаро (Италия, «Астана») — +2:08

75. Евгений Федоров (Қазақстан, «Астана») — +2:57

113. Мартин Лаас (Эстония, «Астана») — +7:29

114. Леонардо Бассо (Италия, «Астана»)

115. Марк Кавендиш (Ұлыбритания, «Астана»)

Photo: sports.kz