Француз «FDJ» командасының мүшесі Тибо Пино - екінші, испандық «Movistar» командасының шабандозы Алехандро Вальверде үшінші болып мәре сызығын қиды. Нибалидің бұл жеңісі жалпы есепте оған көшбасшылықты қайтарып берді.
22:40, 14 Шілде 2014
«Астана» велошабандозы «Тур де Франстің» 10-шы кезең жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасының мүшесі итальяндық Винченцо Нибали «Тур де Франс» көпкүндігінің 10-кезеңінде жеңіске жетті деп хабарлайды Sports.kz.