Pau /Hautacam қалалары арасында өткен 145.5 шақырымдық жарыс барысында Нибали соңғы 10 шақырым қалғанда шабуылға шығып, таулы мәре барысында қарсыластарын шаң қаптырып кеттi. Айта кетейiк, 29 жастағы «Астана» капитаны биыл суперкөпкүндiкте төртiншi рет жеңiске қол жеткiзiп отыр.
Жалпы есепте В. Нибали көш бастауда.