«Астана» велошабандозы Винченцо Нибали «Тур де Франстың» жекелей сынында 4-орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тур де Франс» көпкүндiгiнiң 20-туры аяқталды. Онда велошабандоздар жекелей сында бақ сынасты.

Бұл сында «Omega Pharma - Quick-Step» командасының мүшесi Тони Мартиннiң уақыты ең үздiк шықты. Екiншi орынға - «Giant-Shimano» клубының шабандозы Том Дюмолин, үшiншi орынға «NetApp-Endura» командасының беткеұстары Ян Барта қол жеткiздi.

«Астана» капитаны Винченцо Нибали 1:58 минутқа қалыс келiп, төртiншi орын иелендi. Жалпы есепте ол көш бастауда. Екiншi және үшiншi сатыларда тиiсiнше Жан-Кристофф Перо (AG2R) және Тибо Пино (FDJ) келедi.

«Тур де Франс» 20-кезең,Бержерак - Периге, Жекелей сын, 54 шақырым.

1. Тони Мартин (Германия, «Omega Pharma - Quick-Step») - 1:06:21 2. Том Дюмолин (Голландия, «Giant-Shimano») - 1:39 3. Ян Барта (Чехия, «NetApp-Endura») - 1:47 4. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 1:58

Жалпы есеп. 1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 86:37:52 2. Жан-Кристофф Перо (Франция, AG2R) - 7:52 3. Тибо Пино (Франция, FDJ) - 8:24.