Астана мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысында депутат Талғат Ерғалиев елорда веложолдарының сапасын сынға алды.
«Велосипедпен жиі жүремін. Орталық саябақтан министрліктер үйіне дейін веложол бар. Одан әрі велосипед жолы жоқ. Сосын Барыс Арена жақта құрылыс жүріп жатыр. Ол маңайда да веложол таба алмадым», - дейді халық қалаулысы.
Сауалға Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Бердалин жауап берді.
«Өздеріңіз білетіндей, 2017 жылы веложолды бірнеше облыс бірлесіп Астанаға сыйға тартты. Иә, бүгінде веложолдың кейбір бөлігі жөндеуді қажет етеді. Өткен аптада қаладағы веложолдарды көлік басқармасының балансына беру жөнінде шешім қабылданды. Енді веложолмен сол басқарма айналысады», - деп түсіндірді ол.