«Астана» - «Вильярреал» матчына билеттер сатылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 тамыз күні «Астана Арена» стадионында өтетін «Астана» мен Испанияның «Фильярреал» футбол клубтары арасындағы кездесуге билеттер сатыла бастады. Ойын Еуропа лигасы аясында өтеді, деп хабарлады қазақстандық футбол клубының баспасөз қызметінен.

«Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясындағы «Астана» - «Вильяреал» матчына билеттер бүгін сағат 10-00-ден бастап сатыла бастады. Билеттерді «Астана Арена» спорт кешені маңындағы кассалардан және «Меломан» дүкендер желісінен сатып алуға болады», - делінген хабарламада.

Таратылған ақпаратқа қарағанда екі команда арасындағы ойын билеттері 4 санатқа бөлінген, бағасы 500-бен 3 мың теңге аралығында.

Командалар арасындағы қарымта кездесу 28 тамыз күні Испанияда өтеді.