«Үнемі тұрғындар ай соңында вокзалға барып, жол жүру билеттерін алады. Ескі теміржол вокзалындағы кезектің себебі сол. Осыған орай, келесі айдың 15-іне дейін көлік карталарын сатып алуға «Айлық жүру билеті» тарифін толтыруға болатынын хабарлаймыз. Айта кетелік, Қ. Мұңайтпасов көшесі, 14-үйде орналасқан орталық кассада, «Гранд Астана» тұрғын үй кешеніндегі кассада мүлдем кезек жоқ», - делінген хабарламада.
https://www.facebook.com/AstanaLRT/posts/1763105413985041
«Астана LRT» қызметкерлерінің айтуынша, 2018 жылдың басынан қағаз жол жүру билеттері шығарылмайды. Оның орнына 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ұзақ мерзімді «Айлық жүру билеті» жаңа тарифі іске қосылады, оны көлік картасында толтыруға болады. Тариф құны бұрынғысынша - 7 500 теңге. Қала маңының тарифі - 9500 теңге.
Картаның өзі 400 теңге тұрады. Картаны тек бір рет сатып алады, келесі айларда тек толтырып отыру жеткілікті. Бұрын алынған көлік карталары айлық жүру билеттеріне де жарамды.
Көлік карталарын мына мекенжайлардағы мамандандырылған кассалардан алуға және толтыруға болады:
- Нәжімеденов к., 10/2 («ASTRA Parking» кеңсесінде);
- «Еуразия» СҮ, Петров к., 24 (№ 051 дүкен);
- ТЖ вокзалы (ескі ғимарат, екінші қабат), Гете к., 1;
- «Астаналық цирк», Қабанбай батыр даңғылы, 5;
- «Жеңic» СҮ, Жеңic даңғылы, 47 (3-қабат);
- Қ.Мұңайтпасов к., 14 (Орталық касса).
Бұрын 2017 жылғы 30 желтоқсаннан бастап жол жүру билеттерін сататын мамандандырылған кассалар қайта іске қосылғаны туралы хабар берілген еді.