«Астана» ВТБ бірыңғай лигасы матчында «Енисейге» есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ВТБ бірыңғай лигасында Қазақстан атынан өнер көрсеткен «Астана» командасы Лиганың тұрақты чемпионатының матчында Ресейдің Красноярск қаласының «Енисей» командасына есе жіберді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Алаң иелері бірінші, екінші және үшінші ойындарда сенімде жеңіске жетті (21:18, 29:24 и 24:15). Қонақтар соңғы 10 минутта ғана басымдық танытты. Қорытынды есеп: 90:76. Жеңіс «Енисей» командасының үлесінде.

«Астана» осы матчтан соң кесте бойынша 12 орынға сырғыды. Одан төмен тек «Енисей» командасы ғана тұр.