Ойын алғашқы минуттардан қыза түсті. Әсіресе өз жанкүйерлерінің көз алдында бірінші нөмірмен ойнауға тырысқан елордалық ұжымның шабуылдары қауіпті бола түсті.
18-минутта бұрыштамадан кейін қолайлы позицияда тұрған 11-нөмірдегі Педро Энрике гол соғып, алаң иелерін алға бастады.
Жіберілген голдан кейінгі қонақтардың ойынында біршама жинақылық байқалды. Оқтын-оқтын ұйымдастырған шабуылдары үдей түсіп, есепті теңестіруге де қол жеткізді. 41-минутта бұрыштамадан кейін доп елордалықтардың қорғаушысы Бахтияр Зайнутдиновке тиіп қақпаға кірді. Автогол Бахтиярға жазылды.
Айта кетейік, ойын төбесі жабық «Астана Арена» стадионында өтіп жатыр.