«Астана» - «Яблонец» матчына жанкүйерлерді арнайы автобус тасымалдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» - «Яблонец» (Чехия) арасындағы Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 4-турының матчы 8 қарашада кешкі 21:50-де басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» футбол клубының сайтына сілтеме жасап.

Матч өтетін «Астана-Арена» стадионына №10, 12, 37, 40, 51, 53, 60 автобустарымен баруға болады.

Сондай-ақ, аудиторияға ыңғайлы болу үшін сағат 19:00-ден бастап қаланың үш тұсынан («Қазақстан» КЗ, «Капитал Цирк» тұрағы, «Нұр Астана» мешітінің паркингі) арнайы жоспарлы автобустар (трансфер) ұйымдастырылады.

Автобустар жанкүйерлерді «Астана-Арена» аялдамасына дейін (Қабанбай батыр даңғылы жағынан) жеткізеді.