«Астана» «Янг Бойзбен» арадағы матчқа билет құнын арзандатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елеулі бөлігін университеттер мен колледждер студенттері, орта мектеп оқушылары құрайтын жанкүйерлер үшін топтық кезең ойынының маңыздылығын ескеріп, «Астана» футбол клубы еурокубок матчына билеттерге бағалық саясатты төмендетті.

Осылайша, «Астана» - «Янг Бойз» кездесуіне ең арзан билет 1000 теңге, ең қымбаты - 7000 теңге.

 Билет бағасы:

1 санат (W3-7 мягкие места) - 7 000 теңге

2 санат  (W1-3, E 1-3) - 4 000 теңге

3 санат  ( W2-3, 7-8, Е 2-3, 7-8) - 2 500 теңге

4 санат я (W1-2 (үсті), 8(үсті) -9, Е 1-2(үсті), 8(үсті) -9) - 1 500 теңге

5 және 6 санат  (қақпа арты және бұрыш секторлары) - 1 000 теңге.

Сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттер үшін 50 пайыз жеңілдік бар екенін еске саламыз. Зейтенткерлер тегін кіреді, оларға қолайлы болу үшін W1 сектор бөлінді.

Бұрынғы бағамен билет сатып алғандарға айырма ретінде ticketon.kz. онлайн жүйесі арқылы сатылған барлық шараларға билеттерге дисконт ұсынылады.

Қазір fca.kz және  ticketon.kz сайттарында онлайн сату жүйесі бойынша қолжетімді.

Стадион жанындағы касса 26 қыркүйек дүйсенбіден бастап жұмыс істейді. Кассаның жұмыс уақыты сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін. Ойын күні 29 қыркүйекте касса сағат 10.00-де ашылады.