Астана Жалпы өңірлік өнім деңгейі бойынша алғашқы үштікке кіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша 2015 жылғы І тоқсандағы жалпы өңірлік өнім 828670,2 млн. теңгені құрады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Астананың ЖӨӨ үлесі республикалық көлемнің 10%-ын құрайды - бұл Алматы қаласы (20%) және Атырау облысынан (12,4%) кейінгі үшінші көрсеткіш. ЖӨӨ салалық құрылымында өнеркәсіп үлесі 5%, құрылыс - 5,6%, көлік және қоймалау - 9,6%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар - 10,9%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу - 23,5%, басқа да қызметтер - 45,4% құрады. Жалпы өңірлік өнім елорда халқының жан басына шаққанда 968,5 мың теңгені құрады және республика өңірлерінің арасында Атырау облысы (1761,3 мың теңге) және Алматы қаласынан (998,3 мың теңге) кейін үшінші орында.