26 жастағы қапталдағы қорғаушы осы аптада елордалық клубпен 2,5 жылға келісімшарт жасаған еді. Быстров ел чемпионатында әзірге ойнай алмайды, себебі қорғаушыны маусымның соңына дейін «Тобылға» жалға береді.
Быстров - Қостанай облысының тумасы. Бұл «Тобыл» басшылығын қызықтырған (ойын сапасын қоспағанда) басты факторлардың бірі болды.
«Астана» ресейлік «Тамбовтың» бұрынғы қорғаушысының трансфері туралы осыған байланысты ресми жарияламағаны да сондықтан болса керек. Быстров - қостанайлықтарға жалға берілген Қазақстан чемпионының жалғыз ойыншысы емес. Голкипер Дмитрий Непогодов та елордалық командаға тиесілі.