Астана мен Алматы қалаларында ХҚО-лардың мекенжайы өзгерді
АСТАНА. KAZINFORM – 1 желтоқсаннан бастап Астана және Алматы қалаларындағы кезекші орталықтардың мекенжайлары өзгерді.
Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері 09:00–20:00 аралығында, ал сенбі күні 09:00–13:00 аралығында қызмет көрсетеді.
Кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда жұмыс күндері өтініштер 09:00–18:00 аралығында қабылданып, дайын құжаттар 20:00–ге дейін беріледі. Сенбі күні өтініштер 09:00–12:00 аралығында қабылданып, дайын құжаттар 13:00–ге дейін беріледі.
— Кейбір өңірлерде кезекші орталықтардың жұмыс кестесі өзгеше болуы мүмкін. Белгілі бір бөлімшенің нақты жұмыс уақытын «ЦОН» мобильді қосымшасынан арқылы біле аласыздар, — делінген хабарламада.
Айта кетелік АХҚО Қазақстан ішіндегі офшорға айналмайтыны туралы жазған едік.