Астана және Алматы қалаларында Құран Кәрім фестивалі мен апталығы өтеді

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Иран Ислам Республикасы Елшілігінің мәдени өкілдігі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен және Нұр-Астана мешітімен бірлесе отырып, 2012 жылдың 9 тамызынан бастап Алматы және Астана қалаларында

каллиграфия және ағаш бетіне көркем ою салумен айналысатын ирандық шеберлер мен Құранды дауыстап мәнерлеп оқитын «Тавашиһ» тобының қатысуымен  «Құран Кәрім фестивалі мен апталығын» өткізеді.

Аталған бағдарламада ирандық каллиграфия шебері Хасан Минаидың 24 жұмысы, ағаш бетіне көркем ою салу шебері Мұхаммед Реза Таууабидің 22 жұмысы ұсынылады. Аталған жұмыстарға қоса, Ғоламхасан Амирхани, Мұхаммед Ахсаи, Кове Тимури, Сахафи тәрізді  қазіргі кезеңдегі каллиграфия шеберлерінің 16 жұмысы көрсетіледі.  Бұл көрмеде ұсынылған басқа да жұмыстар Ғодрес Разави ауданы мен Ұлттық мұражай  қорындағы Құран жұмыстарының суреттері болып табылады.

Көрменің басқа бөлігі Құран Кәрімнің әр түрлі тілдердегі 17 аудармасынан тұрады, олардың бірқатары Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының көмегімен басылып шыққан.

Сонымен қатар бұл көрмеде Құран және ислами ғылымдардың аудио және бейне бағдарламаларын жасауда алдыңғы қатарлы саналатын Компьютерлік зерттеу ислами ғылымдар орталығының («Нұр» бағдарламалық қамтамасыз ету) көмегімен дайындалған  Құранның аудио және бейне материалдары ұсынылады.

Бұл көрмеде толық Құран Кәрімнен, халықаралық бес қаридың дауысы мен оннан аса тілдердегі Құран аудармаларынан тұратын, Иран Ислам Республикасында жасалған сөйлейтін құрани қалам ұсынылады.

Құран Кәрім фестивалі мен апталығының ашылу салтанатында Құранды дауыстап мәнерлеп оқитын «Тарашиһ» тобы өнер көрсетеді.

Құран Кәрім фестивалі мен апталығы бағдарламалары Алматы қаласында 2012 жылдың 9-12-ші тамыз аралығында Желтоқсан көшесі, 137 (Жамбыл көшесінің қиылысы) мекен-жайы бойынша орналасқан Алматы орталық көрме залында өтеді. Салтанатты ашылу рәсімі 9 тамыз күні сағат 16:00-де Алматыдағы Иран Ислам Республикасының  құрметті бас консулы, Қазақстандағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің мәдени өкілдігі, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы тарапынан  Көктөбе мешітінің мүфтиі мен басқа да бұл шараға қызығушылық танытқандардың қатысумен өтеді.

Құран Кәрім фестивалі мен апталығы бағдарламалары Астана қаласында 2012 жылдың 13-16 тамыз аралығында «Нұр-Астана» мешітінде өтеді. Салтанатты ашылу рәсімі 13 тамыз күні сағат 20:00-де Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының  елшісі мен мәдени кеңесшісі, Астанадағы бас мүфтидің орынбасары, Қазақстандағы дін істер агентігі, «Нұр-Астана» мешітінің бас имамы мен басқа да бұл шараға қызығушылық танытқандардың қатысумен өтеді.

Құран Кәрім фестивалі мен апталығы өтуімен қатар, Құранды дауыстап мәнерлеп оқитын халықаралық «Тавашиһ» тобы Алматы және Астана мешіттерінде өнер көрсетіп, Құран оқу қырағаттарын үйрету семинарларын өткізеді.