АСТАНА. KAZINFORM - Астана және Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Астана мен Түркістан облысында жел соғады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Ұлытау облыстарында тұман түседі.
Қарағанды, Ақмола облыстарында бұрқасын, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында көктайғақ болады.
Сондай-ақ, синоптиктер Атырау облысында дауыл соғып, Маңғыстау облысында қатты жаңбыр жауатынын ескертті.
Еркежан Смағұлова
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын Абай облысындағы «Семей таңы» газетінен бастаған. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді, аудармашы.