Ереван «Звартноц» әуежайында Астана-Ереван тікелей алғашқы рейсін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өткізілді. Салтанатты шараға қатысқан Армениядағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Тимур Оразаев екі қала арасын жалғайтын әуе байланысы екі мемлекет өкілдерінің арасындағы іскерлік байланыстарды арттыруға оң ықпал ететіндігіне сенім білдірді.
«Менің бұл тамаша елге келгеніме бір жыл толғаннан кейін, армян және қазақстандық қоғамның өтінішін ескере келе, Армения және Қазақстан астаналарын байланыстыратын әуе қатынасын ашу мүмкіндігі бұйырды», - деді Тимур Оразаев алғашқы рейске арналған баспасөз мәслихаты барысында.
Елші Т.Оразаевтың айтуынша, Қазақстан және Армения арасын байланыстыратын тікелей рейс ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында ашылуы кездейсоқ емес. Осы кезде туристердің Арменияға да ағылады деп күтілуде.