Астана және Қазақстан Митрополиті Александр барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

None
АТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Сара Мұстафина/ - Жеңіс күнін тойлай отырып, біз құрбан болғандарды еске түсіреміз.

Бұл туралы бүгін еліміздің БАҚ-тарына таратылған Қазақстан Митрополит аймағының басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың барша қазақстандықтарды Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 66 жыл толуына арналған құттықтау мәтінінде айтылған.

«Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ, адамның құнды тағдырымен, үлкен шығындармен, рухани және физикалық күштердің жоғалуымен, қираған қалалармен, ауылдармен және мыңдаған адамның тағдыры құрбандық болған жолмен келген - Жеңіс. Отаны үшін өмірін берген жандарды біз ешқашан ұмытпаймыз», - делінген құттықтауда.

«Бізге жеңіс сыйлаған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне басымызды иіп, мың алғысымызды айтамыз, қолбасшыларға және қатардағы жауынгерлерге, дәрігерлік қызметшілерге және тыл еңбекшілеріне, батырлықпен және табандылықпен Ұлы Жеңіске үлес қосқан барлық жандарға алғысымыз шексіз. Құрметті Қазақстан Республикасының тұрғындары, Жеңіс Күнімен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Мейірімді Құдай бізді ашық аспанда бейбітшілігімізді сақтап, даңқты Отанымыз үшін еңбек етуге нәсіп етіп, барлық халықтарға бақытты өмір сүруге нәсіп етсін!», - деп аяқтаған өзінің құттықтауын Митрополит Александр.