Бүгінде «барлық жаратылыс, барша адамзат баласы» Вифлеемде туған Құдай баласы жайлы қуана айтуда», - делінген Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Рождество мерекесіне орай жолдаған үндеуінде.
«Христостың өмірге келу мерекесі - ерекше жарқын оқиға. Осы уақытта бәріміз Құдаймен және туған-туыстарымызбен арадағы қарым-қатынасымызды жақсарту жайлы ойланып, аспандағы Құдайды «бар жүрегіммен, бар ой-санаммен, бар жаныммен сүйемін бе, маңайымдағы жандарға мен христиан сенімі бойынша қараймын ба, маған қарсылық жасаған адамды кешіре алуды үйрендім бе?» деген сұрақтарға жауап іздеп, ойлануымыз керек. Осы әлемді құтқаратын түн әрқайсымыздың Евангелия бойынша өмірімізді түзеп, Құдайға жол ашып, бізге өз дұғамызды жасап, қуанған адамдармен бірге қуанып, өзгелердің қайғысына ортақтасуды үйретеді», - деп жазылған митрополиттің құттықтауында.
Оның сөзіне қарағанда, Рождество Құдайдың жаңа рақымшылығының басталуына жол ашады, осы мерекеде Құдайға оның өткен жылы жасаған мейірім-шапағаты үшін алғыс айтып, жаңа жылда жақсылық сұрау керек. «Қасиетті Христос халқымызға тыныштық пен бірлік, бақыт пен қуаныш әкелсін», - деп тіледі ол.