«Сізге мынау Ресейдің үздік суретшілерінің бірі жасаған православтық христиандық белгіні сыйға тартуға рұқсат етіңіз. Біз Сіздің Астана мен Қазақстанның басты шіркеуіне келуіңізді есте қалдырғымыз келеді. Бұл сыйлық шағын болғанымен, Сізге шын жүректен ұсынылып отыр», -деді митрополит Александр.
12:00, 05 Мамыр 2013
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мемлекет басшысына естелік үшін пасха жұмыртқасын сыйға тартты
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Успенск кафедралды шіркеуінде Пасха мерекесіне арналған діни ғұрыптар аяқталған соң Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа пасха жұмыртқасын естелік үшін сыйға тартты.