Астана жастары флешмоб өткізеді
«Мемлекетіміздің жас буыны конституциялық реформаға оң көзімен қарайды және өзгерістер қоғамда демократиялық үрдістерді дамытумен қатар демократияландыруға да өз мүмкіндігін беретініне сенеді», - дейді ұйымдастырушылар.
Шараға ЖОО-лар мен колледждердің студенттері, ұлттық киім киген бишілер мен вокалисттер, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 25 қаңтарында Елбасы негізгі мақсаты Республика Президентінің жекелеген өкілеттілігінің Үкімет пен Парламентке өтуі болып табылатын кезекті конституциялық реформасын жариялады.
Тиісті шара 12 ақпанда «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығында да өтті. Оған аула клубтарының тәрбиеленушілері, «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлары мен елордалық жастар қатысты.