Іс-шара «Азия Парк» сауда орталығында жұмыскерлер мен сауда орталығының келушілері үшін өткізіледі. Әрбір азамат көкейіндегі сұрағын қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы», Жұмыспен қамту орталығы, Медиацияны дамыту орталығы және тағы басқа мекеме өкілдеріне қоя алады. Сонымен қатар, кәсіби заңгер мен психолог маман консультация жүргізеді.
«Іс-шараны өткізудегі мақсат - жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша ақыл-кеңес беру» делінген хабарламада.
Айта кетейік, консультация ертең сағат 15:00-де «Азия Парк» сауда және ойын-сауық орталығында өтеді.