Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК басшысы Мұрат Оразбаевты ұстаған.
«Қалған мәлімет ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды» деп мәлімдеді агенттіктен.
Мұрат Оразбаев 1976 жылы 9 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының хирургия бойынша дәрігерлерді жетілдіру факультет интернатурасын бітірді. Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық орталық ауруханасының дәрігер-хирург болып бастады.
2011 жылы аурухана басқарудағы іскерлік әкімшілік магистрі академиялық дәрежесі берілді (MD MBA).
Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы-дәрігердің, токсиколог — дәрігердің жоғары біліктілік санаты және анестезиолог-реаниматолог-дәрігердің сертификаты бар.
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін», «Жедел жәрдемнің үздік қызметкері» белгілерімен марапатталған, «Құрмет» орденінің иегері.