«Астана жолбарыстары» Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды
Онда Астана қаласының «Жолбарыстары» ақтық сында Павлодардың «Ертісінен» басым түсіп, өз тарихында үшінші рет жеңімпаз атанды.
Былтыр желтоқсанның 7-11-і күндері Қостанайда өткен додада павлодарлықтарға есе жіберген астаналықтар биыл қарсыласын ірі есеппен (73:46) ұтты. Клуб директоры Валериан Коптеловтың айтуынша, бұл «Жолбарыстар» бұған дейін бірде-бір рет «Ертіс» баскетболшыларын мұндай үлкен есеппен жеңіп көрмеген болатын. Олар биыл Қазақстан кубогы жарысындағы барлық ойынды өз пайдасына шешті. Жарыс қорытындысында команда капитаны Анастасия Алишаускайте Қазақстан кубогының үздік ойыншысы, Виктория Пазюк үздік шабуылшы ретінде танылды. Ал аса тартысты өткен бұл сайыста үшінші орын үшін болған ойында көкшеліктердің «Оқжетпесі» алматылықтарды қапы қалдырды.